Ел тынысы

Елімізде 5,2 млн гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

Еліміздің барлық өңірлерінде көктемгі егіс науқаны қарқынды жүріп жатыр.

Оған дейін бірқатар агротехникалық жұмыстар атқарылды: 17,1 млн гектар алқапта ылғал жабу, 7,3 млн гектарда тұқым себуге дейінгі өңдеу және 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары жүргізілді, astana-akshamy.kz

Бүгінгі таңда 5,2 млн гектардан астам ауыл шаруашылығы жері егілді. Атап айтқанда:

Ақмола облысында – 971,1 мың га, Алматы облысында – 228,4 мың га, Ақтөбе облысында – 124,9 мың га, Шығыс Қазақстан облысында – 337,6 мың га, Жамбыл облысында – 316,5 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 171,2 мың га, Қарағанды облысында – 435 мың га, Қостанай облысында – 385,1 мың га, Павлодар облысында – 467,9 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында – 359,1 мың га, Түркістан облысында – 482 мың га, Жетісу облысында – 353,6 мың га, Абай облысында – 463,6 мың га және басқа өңірлерде де егіс жұмыстары жүргізілуде.

Негізгі дақылдар бойынша: дәнді дақылдар – 3 млн гектардан астам, мал азығы дақылдары – 382,3 мың га, көкөніс – 91,4 мың га, картоп – 66,7 мың га, бақша дақылдары – 69,9 мың га, майлы дақылдар – 1,2 млн га, мақта – 130,9 мың га, қант қызылшасы – 17,4 мың га, күріш – 52,6 мың га егілді.

Аграрлар 1 млн тоннадан астам минералдық тыңайтқыш жеткізуге келісімшарт жасаған, оның ішінде 849,2 мың тоннасы жөнелтілді.
Биылғы жылға тұқымға деген қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайды, бұл көрсеткіш 100% қамтамасыз етілді.
Бөлінген 401 мың тонна дизель отынының 233 мың тоннасы жөнелтілді.

Егіс жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button