Елордалық мектепте жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәріс өтті
Астана қаласы прокуратурасы «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Жас Үміт» жобасы аясында Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің оқушыларына «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді, деп хабарлайды
Аталған іс-шара кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, олардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Кездесу барысында әр сыныпқа жеке-жеке түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Сонымен қатар, жасөспірімдер қылмысының алдын алу, буллинг, интернет-алаяқтық және өзге де өзекті мәселелерге ерекше назар аударылды.
Осындай кездесулер жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және заң талаптарына жауапкершілікпен қарауды нығайтуға ықпал етеді.



