-
Әлеумет
Жеткіліктілік шегін көтеру қазақстандықтардың болашақ зейнетақысын қорғауға бағытталған
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде қолданылатын ең төменгі жеткіліктілік шектерінің параметрлері жаңартылды. Өзгерістер салымшының қазіргі жасын ғана емес, оның зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңін, болашақ зейнетақы төлемдерін, инвестициялық кірісті және өзге де ұзақ мерзімді факторларды ескеретін неғұрлым дәл есептеу әдістемесін енгізуге байланысты қабылданды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін жаңарту ең алдымен салымшылардың ұзақ мерзімді мүдделерін…
Жалғасын оқу -
Мәдениет
Тасқа таңбаланған тарих
Елордадағы Ұлттық музейде «Таңбалы: Бабалар коды» атты ерекше көрме ашылды. Көрменің басты ерекшелігі – ежелгі петроглифтерді заманауи технологиялар арқылы жаңа қырынан таныстыруында. Мұнда жартас суреттерінің фотокөшірмелері, петроглифтер негізінде жасалған көркем туындылар, мультимедиялық инсталляциялар мен жасанды интеллект көмегімен дайындалған бейнелер ұсынылған. Шын мәнінде, Таңбалы археологиялық ескерткіш ғана емес. Ол – мыңдаған жыл бұрынғы бабаларымыздың дүниетанымын, сенімін, тұрмысын және қоршаған ортаға көзқарасын…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
Қоқыс көп, өңдеуі аз
Кейінгі жылдары елімізде қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық мәдениетті қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынды. Соның бірі – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы. Оның аясында қалаларда сенбіліктер ұйымдастырылып, көшелер мен саябақтар тазартылып, аулалар абаттандырылуда. Бұл бастаманың нәтижесін ел тұрғындары күнделікті өмірде көріп те жүр. Алайда акцияның игілігі барлық өңірге бірдей жетті деуге әлі ерте. Әсіресе ауылдық жерлердегі ахуал ойлантады. Көптеген елді…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
Журналист жемісі
6.06.2026. Алтылықтар тоғысқан осы күні қолдарыңызға газетіміздің 66-нөмірі тиіп отыр. Бұл – бірінші сәйкестік. Екіншіден, дәл осы сенбіде 66 жылы дүниеге келген елге танымал бір азамат асқаралы алпыс жасқа толды. Әңгіме – белгілі журналист, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығы мен ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп туралы. Жалпы «6» саны Ғабит Іскендерұлының өмірінде ерекше орын алады.…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
Қоңыр үн
Кездессем ұрлана қараймын, Асаудай тулайды жас жүрек. Мен сені жаныма балаймын, Сен үшін менде бар бір тілек… («Жас қалам» әнінен) Алыста қалған сағым жылдарымыз көз алдымызға елестесе болды, құлағымызға Қорабайдың қоңыр үні келеді. «Гитараның мұңды үні, Құрбы қыздың күлкісінің сыңғыры, Ештеңе әсер етпейді, Менен жырақ кет мейлі…», – деп біздің қатарласымыз, ақын Гүлбаһрам Жебесінова жырлағандай, оның әсері бөлек-ті. Теңіз жағасындағы…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
Ұлыбритания жазбалары
Ұлыбританияға келіп, «Болашақ» бағдарламасы бойынша он айлық ғылыми тағылымдаманы бастап кеткенімізге де біраз айлар өтіпті. Осы уақыт аралығында жат елдің мәдениеті мен өмір салтынан біраз дүниені көңілге түйіп, зердеге тоқыдық. Әлбетте, оның бәрін хатқа түсіру мүмкін емес. Бірақ солардың арасынан бізге үлгі болады-ау деген ең негізгі ойларды сығымдап, «Астана ақшамының» оқырмандарымен бөлісуге асықтым. Біріншіден, мамандық білімін берумен қоса, адамдық ілімін…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
Жолдар жөнделіп, көшелер көркейеді
Елордада жол жөндеу жұмысы жалғасуда. Биыл жалпы ұзындығы 60 шақырымға жететін 50 көшені жөндеу жоспарланған. Бүгінде шұңқырларды, жаяу жүргіншілер жолдарын жөндеу, жол белгілерін салу жұмысы қатар жүріп жатыр. Осы жылы жол жөндеу сәуір айынан басталды. Бүгінде қаланың көлік инфрақұрылымын жақсарту бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. «Жыл сайын автобус паркі…
Жалғасын оқу -
Қала мен сала
«Тарлан Астана» атауы беріледі
Астана қаласының мәслихаты елорданың жеңіл рельсті көлік жүйесінің атауын өзгерту туралы ұсынысты мақұлдады. Елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесіне «Тарлан Астана» атауын беру ұсынылды. Мәслихат отырысында Астана қаласы Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досжан Исабек бұл бастама қала тұрғындары, қоғамдық ұйымдар және Қазақстан Жазушылар одағының Астана қалалық филиалы тарапынан түскен ұсыныстар негізінде…
Жалғасын оқу -
Басты ақпарат
Бетбұрыс кезеңі басталады
Құрметті форумға қатысушылар! Ең алдымен, баршаңызды алқалы жиынның ашылуымен құттықтаймын! Қадірлі меймандарға осы форумға арнайы келгендері үшін алғыс айтамын. Сіздерді Астана төрінде көргеніме ризамын. Жаңа ғана форум тақырыбы бойынша өзекті ойлар мен құнды пікірлер айтылды. Алдағы уақытта Үкімет бұл жұмысты міндетті түрде назарда ұстайды. Шын мәнінде, бүгінгі жиынның мән-маңызы айрықша. Мемлекет пен қоғам тұтастығын нығайту – Қазақстан үшін алдыңғы қатардағы міндеттің…
Жалғасын оқу -
Мәдениет
Qyzyl Book Art: «Дала қазынасы» сурет байқауына өтінім қабылдау басталды
Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні жəне Қазақстандағы Эколог күніне орай елімізде мектеп оқушылары арасында «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» республикалық сурет байқауына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Байқау Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер тақырыбына арналып, табиғатты қорғау мəселесіне балалар мен жасөспірімдердің назарын аударуды көздейді. Жобаны Креативті индустрияларды дамыту қоры ұйымдастырып отыр. Байқауға Қазақстанның барлық өңірінен 1-11 (12) сынып…
Жалғасын оқу