Оразаның пайдасы

0 52

Көптеген діндерде тоя тамақ жеуге тыйым болса, енді бірінде жылдың бір айында малдың етінен жасалған тағамнан тыйылу үрдісі бар. Мұсылмандар үшін ­Рамазан айында отыз күн таңның атқанынан күн батқанға дейін тамақ жеуден тыйылып, ораза ұстауы шарт. Денсаулық саласының мамандары ораза кезінде адам ағзасындағы болатын өзгерістерді бағалап, былайша түсінік береді.

Расында да, оразаның ең ауыр кезі – алғашқы екі күні. Өйткені адам ағзасы қалыпты жағдайдан шығып, ерекше «ораза» күйіне енеді. Күні бойына қарынға нәр түспеген соң бауырдағы, бұлшық еттеріміздегі жинақталған майларды жұмсауға көшеді. Ағзадағы май кете бастағаннан салмақ та тастайды. Бұл холестерин деңгейін реттеп, қант диабетінің даму қаупін төмендетеді. Алайда қандағы қант деңгейінің төмендеуі әлсіздік пен ұйқышылдыққа әкеледі. Осы алғашқы екі күнде бас ауруы, айналуы, жүрек айнуы және жағымсыз иіс пайда болуы мүмкін. Оразаның үшінші күнінен бастап бес күн аралығында қатты шөлдеуден сақтанған жөн. Одан соң адам ағзасы аштыққа үйреніп қалады. Сонда да судың мөлшерін кемітпей, ағзаға қуат беретін тағамдарды талғап жеу керек. Өйткені күнделікті өмірде біз көп мөлшерде калориялы тамақ жейміз, аз қимылдап, оны сіңіріп те үлгермейміз. Бұл дененің барлық мүшелерінің жұмысын қалпына келтіру сияқ­ты кейбір өз функцияларын орындауына кедергі келтіруі мүмкін. Бұл теңгерімсіздік ораза кезінде қалпына келіп, ағзаның барлық мүшесі бар қуатымен жұмыс істей бастайды. Оразаның екінші жартысында адам ағзасы аштыққа толық үйренеді. Уытсыздану – детоксикация басталады. Осы кезеңде ішек, бауыр, бүйрек және адам терісі детоксикация үрдісінен өтеді. Бұл кезеңде органдардың функционалдығы олардың максималды өнімділік деңгейінде болуы керек. Есте сақтау қабілеті мен зейіні жақсаруы мүмкін. Рамазан айындағы ораза таңның атысынан күн батқанға дейін болатындықтан, бұл денеге тамақ пен сұйықтық түріндегі энергия әлеуетін жинау­ға уақыт жеткілікті. Бұл бұлшық ет массасының жоғалуынан сақтайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − two =