Құқық
«Астана-Теплотранзит»АҚ ұжымына алаяқтық пен дропперліктің алдын алу жолдары түсіндірілді
Алматы ауданының прокуратурасы «Заң және тәртіп« қағидаты аясында «Астана—Теплотранзит«АҚ жұмыс ұжымымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қадағалау органының өкілдерімен кездесуге жылу компаниясының 200-ден астам қызметкері қатысты. Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері ұжымға алаяқтық пен дропперліктің алдын алу, кәсіби қызметте және еңбек ету барысында жарақаттанудың алдын алуда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылықты арттыру және қызметкерлердің балаларының құқығын қамтамасыз ету, оның ішінде есірткі мен буллингтің алдын алу мәселелерін түсіндірді.
Сондай-ақ, қызметкерлер еңбек заңнамасына, әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты сұрақтар қойып, жауап алды.



