Саясат

  • Театрда жаңа Конституцияның маңызы талқыланды

    Елордадағы М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мәні мен маңызы» тақырыбында кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Талқылауға театрдың әртістері мен қызметкерлері қатысты. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясындағы негізгі ережелер мен олардың қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызы жан-жақты қарастырылды. Құқық саласының маманы Тағат Нарынбаев Конституцияның негізгі қағидаттарына түсіндірме беріп, құжаттағы концептуалдық өзгерістерге кеңінен…

    Жалғасын оқу
  • Мектеп ұстаздарына жаңа Конституциядағы өзгерістер түсіндірілді

    Астанадағы №97 мектеп-гимназиясында «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: Әділетті мемлекетке қадам» тақырыбында қалалық семинар өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті. Оған қала мектептерінің мұғалімдері, білім беру саласының мамандары мен сарапшылар қатысты. Семинар барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы елді әділетті, құқықтық және демократиялық мемлекет құруға бағыттайтыны атап өтілді. Сонымен қатар конституциялық құқық, мемлекеттік басқару, мемлекет және…

    Жалғасын оқу
  • Студенттерге жаңа Конституциясының негізгі ережелері түсіндірілді

    Астанада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде дөңгелек үстел өтіп, онда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі ережелері, оның рөлі мен маңызы талқыланды. Іс-шараға 60-қа жуық студент пен оқытушы қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Еске сала кетейік, 15 наурызда елімізде референдум өтіп, оның қорытындысы бойынша Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл әділетті қоғам құру, мемлекеттік институттарды нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау…

    Жалғасын оқу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлы тұлғаларды ұлықтау жұмысына тың серпін беру аса маңызды»

    Мемлекет басшысы Ғылым қызметкерлері күнінде ғалымдарды марапаттады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде ойшылдарымыз бен ғалымдарымыздың мұрасын терең танып, кеңінен дәріптеп, барынша дамытқан жөн екенін атап өтті. «Біз зияткерлік мұрамызды мақтан тұтамыз. Әл-Фараби, Ахмет Ясауи, Абай сынды ғұламаларымыз соңына сарқылмас рухани қазына қалдырды. Олардың еңбектері әлемдік ақыл-ойдың алтын қорына кіреді. Данышпан бабаларымыздың баға жетпес туындыларын заман талабына…

    Жалғасын оқу
  • «Құқықтық нигилизмге жол жоқ» – Мемлекет басшысы жауапкершілік пен тәртіп қағидаттарын дәріптеудің маңызына тоқталды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде нағыз ғалымдар ескілік пен қараңғылыққа қарсы күрестің алғы шебінен табылып, ағартушылық пен білім жолында әрдайым топ бастағанын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz «Осы күрделі үдерісте ғалымдар ерекше рөл атқарады. Өйткені олар өркениет құндылықтарын дәріптеп, санаткерлік және моральдық қасиеттерімен көпке үлгі көрсетеді. Нағыз ғалымдар ескілік пен қараңғылыққа қарсы күрестің алғы шебінен табылып,…

    Жалғасын оқу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленді»

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйлеген кезінде Конституцияны әзірлеуге және қабылдауға айтарлықтай үлес қосқан барша ғылыми-академиялық қауымдастыққа ризашылығын білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz «Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда 15 наурыз күні тарихи мәні зор референдум өтті. Азаматтардың басым бөлігінің қолдауымен мемлекетіміздің іргесін нығайтатын, елді барлық салада, соның ішінде ғылымда орнықты даму траекториясына шығаратын жаңа Конституция қабылданды. Ата заңымыздың преамбуласында алғаш…

    Жалғасын оқу
  • Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымға көрсетіліп жатқан жүйелі қолдау шараларына тоқталды

    Мемлекет басшысы Ғылым қызметкерлері күнінде ғалымдарды марапаттады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. «Өздеріңізге мәлім, мен осы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияладым. Ғылымға бет бұру – өсіп-өркендеуге ұмтылған әрбір елдің тарихи міндеті. Біз мұны жақсы түсінеміз. Мемлекет ғылым саласына үнемі қолдау көрсетуде. Кейінгі 5 жылда осы салаға бөлінетін қаржы көлемі 6…

    Жалғасын оқу
  • Астанада спорт федерацияларына жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары түсіндірілді

    Астанада спорт федерацияларына жаңа Конституцияның негізгі қағидаттары түсіндірілді, деп хабарлады astana-akshamy.kz Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары Азамат Ағзамов елордалық спорт федерацияларының басшыларымен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі қағидаттары мен ережелері жан-жақты түсіндірілді. Жиынға 15-ке жуық жергілікті спорт федерациясының өкілдері қатысып, жаңа конституциялық өзгерістердің ел дамуына, соның ішінде спорт саласына тигізетін ықпалы…

    Жалғасын оқу
  • Оқу-ағарту министрлігінде жаңа Конституция жобасын талқылау өтті

    ҚР Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жаңа Конституция нормаларын білім беру саласында жүзеге асыру жайы талқыланған кеңейтілген жиын өткізді. Жиын барысында жалпыхалықтық референдумның қорытындылары мен тарихи маңызына талдау жасалып, Конституцияның нормаларын жүзеге асырудың стратегиялық басымдықтары айқындалды. Шараға ҚР Оқу-ағарту вице-министрлері, аппарат жетекшісі, комитет төрағалары мен департамент директорларынан бастап министрліктің барлық қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Жиында сөз алған сала министрі «Жаңа Конституцияда…

    Жалғасын оқу
  • Марокколық сарапшылар Қазақстандағы конституциялық референдумді тарихи оқиға деп бағалады

    Наурызнама онкүндігі аясында Рабат қаласында «Nauryz Talks» атты пікір алмасу іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара Наурыз мейрамына, Қазақстандағы маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға, оның ішінде жақында өткен конституциялық референдум қорытындыларына арналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Басқосуға Марокко Парламенті Кеңесшілер палатасының мүшесі Фатима Зугах, жетекші марокколық медиа басшылары – Maghribona24 бас редакторы Юнес Әл Хаж, MoroccoWorldNews бас редакторы Аднан Беннис, Journal de l’Afrique Atlantique…

    Жалғасын оқу
Back to top button