Мәдениет

Атажұртта жаңғырған жоба

Қазақ мәдениеті мен өнеріне өзіндік үлес қосып, отандық өнер жұлдыздарының шығармаларын Шыңжаң өңірінде кеңінен насихаттаған, Қытайдағы қазақтар арасында ширек ғасырдан астам танымал болған «Жаңа әуен» жобасы Қазақстанда қайта жанданбақ. Соның нақты дәлелі – 20 сәуір күні Астанадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның концерт залында өтетін «Атажұртта жаңа әуен» кеші. Бұл – «Жаңа әуен» компаниясының елдегі алғашқы ірі жобасы.

Жоба жетекшісі, «Жаңа әуен» компанияның директоры Ербосын Нұрмұханұлының айтуынша, еліміздің тәуелсіздік алғанына 35 жыл, тәуелсіздікпен бірге басталған ұлы көшке де 35 жыл толуына орай өткелі отырған ауқымды кеште шетелде туып-өскен қазақ өнерпаздарымен қатар, Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары бір сахнада өнер көрсетеді.

Ербосын Нұрмұханұлы – танымал кәсіпкер, продюсер, экономист, «ҚР мәдениет саласының үздігі» төсбелгі­сінің иегері. Ол «Жаңа әуен» арқылы көптеген жас таланттың танылуына ықпал етіп, халық әндерін жаңғыртуға үлес қосып келеді. Соның ішінде «Қара жорға» сияқты ұлттық мұраларды халыққа жаңа форматта ұсынып, ке­ңінен насихаттады.

«Атажұртта жаңа әуен» концерті 20 сәуір күні сағат 19:00-де өтеді. Билеттер kassir.kz сайты арқылы және Астанадағы Qazsound music орталығында (онлайн және офлайн) сатылымда.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button