Астанада оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың салдары түсіндірілді
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында прокуратура қызметкерлері №117 жалпы білім беретін мектептің 9-11 сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Кездесуге 150-ден астам мектеп оқушысы қатысты. Оның барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері, соның ішінде интернет кеңістігіндегі құқық бұзушылықтар талқыланды.

Кездесу барысында оқушыларға интернет-алаяқтық жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік нормалары түсіндірілді. Оның ішінде фишинг, дропперлік сияқты түрлері, сондай-ақ сталкинг және интернеттегі өзге де құқыққа қайшы әрекеттер мәселелері қамтылды.
Дәріс интерактивті форматта өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.



