Құқық

Алматы ауданы прокурорлары мектеп психологтары және әлеуметтік педагогтармен кездесті

Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы «Заң мен тәртіп» идеологемасы және «Жас үміт» жобасын іске асыру шеңберінде Астана қаласы әкімдігінің «Психологиялық қолдау орталығы» және қала әкімдігінің «Қалалық психикалық денсаулықты сақтау орталығымен» бірлесіп, ауданның барлық мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтарының қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

80-нен астам адам қамтылды. Кездесу мақсаты — балаларға қатысты қылмыстың алдын алу мәселелерін шешу. Оқушылардың психоэмоционалдық жай-күйі, психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы девиантты мінез-құлықтың алдын алу мәселелері қарастырылды.

Тәуекел тобына жататын балаларды ерте анықтау, буллингтің алдын алу және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай тәсілдер әзірленді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button