Ел тынысыМәслихат

Мәслихат депутаттары Әкімшілік полиция басқармасына барды

Астана мәслихатының депутаттары елорданың Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасына барды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сапар барысында олар құқық бұзушылықтарды есепке алу, істерді қарау және қаулылардың орындалуын бақылау жүзеге асырылатын бөлімшенің жұмысымен танысты. Құқық бұзушылықтардың едәуір бөлігі бейнебақылау жүйелері арқылы автоматты түрде тіркеледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 1 млн 488 мың құқық бұзушылық анықталған.

Сондай-ақ депутаттар ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының елордалық филиалына барды. Мұнда жүргізілетін зерттеулердің негізгі бөлігі синтетикалық есірткілер мен каннабис тобына жататын заттарға қатысты. Материалдардың басым бөлігі ішкі істер органдарынан түседі.

Мамандар наркозертханаларға қатысты сараптамалар санының азаюы құқық қорғау органдары жұмысының нәтижесін көрсететінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл өңірлік бөлімшелердің заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталуының арқасында жүктеменің қайта бөлінуіне де байланысты. Химиялық зерттеулер қызметі 11 бірлік аналитикалық құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген.

Сапар қорытындысы бойынша елордада құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін цифрландырудың, техникалық жарақтандырудың және құқықтық сауаттылықты арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button