Қала мен сала
Зауыт аймағын тазартты

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, Астана қаласындағы Индустриалды парк №1 аумағында апта сайынғы экологиялық акция өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға шамамен 50 дей кәсіпорын қызметкері қатысып, индустриалды парк аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазарту жұмыстарын жүргізді.
«Біз үшін тек кәсіпорын аумағын ғана емес, оның айналасын да таза ұстау маңызды. Мұндай акциялар ұжымды біріктіріп, қоршаған ортаға қамқорлық — ортақ жауапкершілік екенін еске салады» деді ұйымдастырушы Алмат Әлімбайұлы.
Шапағат Әбдір



