Руханият

  • Журналист жемісі

    6.06.2026. Алтылықтар тоғысқан осы күні қолдарыңызға газетіміздің 66-нөмірі тиіп отыр. Бұл – бірінші сәйкестік. Екіншіден, дәл осы сенбіде 66 жылы дүниеге келген елге танымал бір азамат асқаралы алпыс жасқа толды. Әңгіме – белгілі журналист, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығы мен ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, «Egemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы Ғабит Мүсіреп туралы. Жалпы «6» саны Ғабит Іскендерұлының өмірінде ерекше орын алады.…

    Жалғасын оқу
  • Қоңыр үн

    Кездессем ұрлана қараймын, Асаудай тулайды жас жүрек. Мен сені жаныма балаймын, Сен үшін менде бар бір тілек… («Жас қалам» әнінен) Алыста қалған сағым жылдарымыз көз алдымызға елестесе болды, құлағымызға Қорабайдың қоңыр үні келеді. «Гитараның мұңды үні, Құрбы қыздың күлкісінің сыңғыры, Ештеңе әсер етпейді, Менен жырақ кет мейлі…», – деп біздің қатарласымыз, ақын Гүлбаһрам Жебесінова жырлағандай, оның әсері бөлек-ті. Теңіз жағасындағы…

    Жалғасын оқу
  • Бала Қабдеш қандай болды?

    Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш ­Жұмаділовтің 90 жылдығына орай оның бала күнгі досы, тарихшы-этнограф Мұхаметқазы Мұхамедиұлымен сұхбат құрдық. Әңгіме барысында жазушының балалық шағы, қиын кезеңдері мен тұлғалық қалыптасуына әсер еткен тарихи оқиғалар жайында кеңінен сөз болды. – Мұхаметқазы Мұхамедиұлы, Қабдеш Жұмаділовпен алғаш қалай таныстыңыздар? Оның балалық шағы қандай болды? – Қабдеш 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы Малдыбай ауылында…

    Жалғасын оқу
  • Геральдика – рәміздер жүйесі

    Бүгін – Мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай рәміздер әлемінің терең қатпарларын зерделеп жүрген белгілі геральдист-ғалым, Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы Сараптамалық кеңестің сарапшысы Айдын Рысбекұлымен өрбіген сұхбатты ұсынамыз. – Айдын мырза, геральди­ка тек рәміздерді ғана зерттей ме, әлде елтаңбаларды да қамти ма? – Геральдика ең алдымен елтаңбаларды (гербтерді) зерттейтін ғылым ретінде қалыптасқан. Яғни оның тарихи өзегі – гербтер жүйесі, олардың құрылымы,…

    Жалғасын оқу
  • «Менің Қазақстаным» қалай әнұранға айналды?

    Әнұранымыздың жеңіс тұғырындағы қыранның, елін шын сүйген ұланның аузымен шырқалып жүргеніне 2026 жылдың 11-інші қаңтарында 20 жыл толды. Осыдан тура 20 жыл бұрын, «Жас қазақ» ұлттық апталық газетінің Астанадағы меншікті тілшісі қызметін атқарып жүрген кезімде тарихи оқиғаның куәгері болдым. Тарих – өткен күннің куәсі, бүгінгінің – өнегесі депті бір данышпан. Сол айтпақшы, тәуелсіз Қазақ Елінің әнұраны қалай қабылданғанын, сол кезде…

    Жалғасын оқу
  • Ұлттық тіл қоры және әдеби мұра: ЖИ дәуіріндегі ортақ міндет

    2026 жылғы 1 маусым күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында «Ұлттық тіл қоры және әдеби мұра: ЖИ дәуіріндегі ортақ міндет» атты тағылымды кездесу өтті. Бұл басқосу қазақ сөзінің бүгіні мен ертеңі, заманауи технологиялар кеңістігіндегі орны туралы салмақты ой алмасу алаңына айналды. Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов бастаған…

    Жалғасын оқу
  • Белгілі тұлғаның беймәлім ғұмырбаяны

    Шоқан Уәлихановтың досы Григорий Потанин өзінің «О ПОЕЗДКЕ В АУЛ ЧИНГИСА ВАЛИХАНОВА» деген жазбасында Шоқанның әкесі Шыңғыстың ауылына онымен бірге Петроград университетінің студенті – Тоқырауын өзенінің жағасында туған жас сұлтан (төре) Сұлтанғазин аудармашы ретінде бірге жолсерік болып барғанын жазады. Потанин жайында «Қазақ» газеті: «Потанин, Михаэлис сияқты адамдар тарих жүзінде бізге пайдалы һәм бізге сирек келетін адамдар. 79 жастағы шал қазақтың…

    Жалғасын оқу
  • Алыптардың амандасуы

    Көрнекті қаламгерлер Әбіш Кекілбайұлы мен Шерхан Мұртаза. Жылы жүздесу. Аялы алақан. Салмақты сөз. Пердесіз пейіл. Ыстық ықылас. Ағаны ардақтау. Ініге ілтипат. Екеуі де заңғар жазушы. Екеуі де «Егемен Қазақстанның» бас редакторы, Жазушылар одағы басшыларының бірі болды. Ақиқатты айтты. Тұлғаларды тірілтті. Қалың оқырманын соңына ертті. Ойлы образдарды өмірге әкелді. Көркем сөзге де, көркем ­публицистикаға да қатар қалам тартты. Екеуі де беделді…

    Жалғасын оқу
  • Тұрар ӘЛІПБАЕВ: Домбырашы тек бір мектеппен шектелмеуі тиіс

    Домбыраның шанағынан тарихтың үнін төгілткен Тұрар Әліпбаевтың есімі өнерсүйер қауымға жақсы таныс. Жақында елорда төрінде өткен «Ғұн бабалар» атты шығармашылық кеш күй құдіретін ұғынған жұртшылықты тағы бір мәрте тебірентті. Өз мектебін қалыптастырып, саналы ғұмырын киелі өнерге арнаған профессор Тұрар Әліпбаев бұл кешті өзінің ұлы ұстаздары мен күй аталарының мерейтойларына арнау арқылы ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін көрсетті. Концерттен соң күйші-композитор, К.Байсейітова…

    Жалғасын оқу
  • Ұлттық болмыс және интеллектуалды әдебиет

    Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен өткізіліп келе жатқан Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының «Қаламгер ұстаханасы» жобасы аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Қазақ әдебиетіндегі интеллектуалды мәдениет» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Кеш қонағы – «Тарлан-Үміт» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері, қазіргі заман қазақ романы байқауының жеңімпазы, белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбек болды. екцияның ашы­луында Қазақстан Жазушылар о­да­ғы Астана филиалының директоры,…

    Жалғасын оқу
Back to top button