Құқық
Прокурорлар оқушылармен кездесу өткізді
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында қалалық прокуратураның қызметкерлері №5 гимназияның 9-11 сыныптарының оқушыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесу барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында оқушыларға қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік нормалары, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жауапкершілігіне қатысты өзге де өзекті мәселелер түсіндірілді.
Дәріс интерактивті форматта өтті: оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға нақты әрі мазмұнды жауаптар алды.
#аконипорядок #заңментәртіп



