Мәдениет

Үш күнде – 70 мыңнан астам көрермен

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Астанада 5 этно­ауыл ашылған болатын. «Қазанат» ипподромы, «Қазақ елі» монументі, «Ататүрік» паркі, «Бәйтерек» монументі және Орталық саябақ аумақ­тарында орналасқан осы этноауылдарға 3 күн ішінде 70 мыңнан астам елорда тұрғыны мен қонағы кірген.

«Қазанат» ипподромының жанында «Көшпенділер әлемі» этноауылы 13 қыркүйекке дейін сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Есіл ауданының аумағында «Бәйтерек» монументінің алаңында этноауыл ашылды. Сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Алматы ауданында этно­ауыл «Қазақ елі» монументінің ­жанында орналасқан. Ол 10:00-ден бастап ашылады, 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

Байқоңыр ауданының аумағында этноауыл «Ататүрік» саябағында ұйымдастырылған. Этноауыл сағат 15:00-ден 20:00-ге дейін ашық.

Нұра ауданының орталық саябағындағы этноауыл сағат 12:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Елорда тұрғындары, қонақтары мен ойын қатысушылары үшін барлық этноауылға кіру тегін. Ал V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорт жарыстарына билетпен ғана кіруге болады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button