Құқық

Жарақат алған жасақтың жағдайы жақсы

Дәрігерлер Астана көшесінде оқ жарақатын алған арнайы жасақ қызметкерінің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері кеше оқ жарақатын алған полиция қызметкерінің жағдайы тұрақты деп отыр.

Осы аптада Астанада «Сұңқар» арнайы жасағының қызметкері отырған көлікке оқ атылғаны мәлім болды. Оның аман қалғаны хабарланды.

«14 қаңтарда Мирная көшесінде ер адам оқ жарақатын алды. Жедел жәрдем зардап шеккен адамды №2 қалалық ауруханаға жеткізді.

Пациенттің жағдайы тұрақты. Ота жасалды. Қазіргі уақытта пациент торакалды хирургия бөлімінде. Ол толық көлемде ем қабылдап жатыр», — деді басқармадағылар.

Еске сала кетейік, Астана қаласы полиция департаменті өкілдері 15 қаңтарда жолда кетіп бара жатқан автокөлік жүргізушісіне 21 жастағы қала тұрғыны аңшы мылтығынан оқ атқанын мәлім еткен болатын. Зардап шеккен азамат құқыққорғау органының қызметкері және оқиға болған кезде еңбек демалысында болған.

Болған оқиға туралы зардап шеккен арнайы жасақ қызметкерінің өзі «102»-ге қоңырау шалып, хабарлаған. Жедел іздестіру шаралары кезінде 21 жастағы күдікті ұсталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қару тәркіленді.

 

Сурет көрнекілік үшін

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button