Руханият

Музыкалық жас көрермен театрында — «ШӘКӘРІМ»

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры 2025 жылдың 19 қыркүйекте сағат 19:00-де және 20,21 қыркүйек күндері сағат 18:00-де Ермек Аманшаевтың «ШӘКӘРІМ» атты музыкалық драма жанрындағы қойылымының премьерасын көрермен назарына ұсынады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ермек Аманшаевтың «Шәкәрім»  музыкалық драмасы – қазақтың ұлы ойшылы, ақыны және композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылық мұрасын арқау еткен терең философиялық туынды.

Қазақ руханиятының аспанында жұлдыздай жарқ етіп, ғұмырын халқының санасын оятуға арнаған Шәкәрім Құдайбердіұлы — ақиқат іздеуші кемел ойдың иесі, ұлтының рухани ұстазы.

Шәкәрімді тану арқылы өткенімізге баға беріп, келешегімізге айқын бағдар жасай аламыз.

Ш.Құдайбердіұлының ұлы мұрасы — халқымыздың рухани жаңғыруына жол ашар мәңгілік шамшырақ.

Музыкалық драмада Шәкәрімнің ақтаңдақ кезеңдерді бастан өткерген тағдыры, рухани ізденістері, әділет пен махаббатқа деген көзқарасы, сондай-ақ өміріндегі драмалық оқиғалар суреттелген.

Қойылым бірнеше сахналық көріністерден тұрады. Шәкәрім мен оның қоршаған ортасындағы кейіпкерлердің болмысы кеңінен ашылады.

Әсіресе, Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрімнің рухани байланысы, Абайдың ағалық қамқорлығы және Шәкәрімнің оның ізін жалғастыру жолындағы азаматтық ұстанымдары ерекше мәнге ие.

«Шәкәрім» музыкалық драмасы өскелең ұрпаққа көрнекті тұлғаның шығармашылық мұрасын, рухани құндылықтарын, ізгілік пен мейірімділікке негізделген адами қасиеттерді дәріптейді.

Қойылым тобы: Сахналық нұсқасын жасаған және қоюшы-режиссері –Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат МАЕМИРОВ, Композиторы және әндерді ансамбльге лайықтап өңдеген – «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Мәдениет саласының үздігі Бауыржан Ақтаев, Қоюшы хормейстері – Мәдениет саласының үздігі, Ғалымжан Берекешов, Қоюшы суретшісі – Мәдениет саласының үздігі Алма Сырбаева, Қоюшы балетмейстерлері – Анна Цой, Сұлтанбек Ғұмаров, Грим суретшісі – Жазира Әкімғалиқызы, Хореографтар – Айгүл Амандықова, Камила Бузанова, Жеткерген Томанов, Ербол Семкулов, Хормейстерлері – Шыңғыс Аймақ, Жансұлу Төлеген, Жанғали Темірғалиев, Жарық қою суретшісі – Ермек Мұхтарұлы, Дыбыс режиссері – Асылжан Асқаров, Режиссердің ассистенттері – Бауыржан Нұрбай, Еламан Иманбаев, Айдана Жетешова.

 

Кейіпкерлер мен орындаушылар: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Аян Өтепберген, Қазыбек Есқара.

Шәкәрім рухы –  «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Оразалы Игілік, Дінислам Нұрмағанбетов.

Бала-Шәкәрім – Даниал Нұрлан.

Абай Құнанбайұлы  Мәдениет саласының үздігі Асхат Мұсағалиев,

Жас Абай – Абзал Арапов.

Құдайберді  (Шәкәрімнің әкесі) – Алтынбек Аманқұлов.

Ахат Шәкәрімұлы (61 жаста)«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Асылхан Төлепов.

Жас Ахат – Дінислам Нұрмағанбетов, Нұржас Садырбаев.

Айғанша (Шәкәрімнің сүйікті жары) – Жансұлу Төлеген, Аружан Бағзат.

Абзал Қарасартов (есейген кезі) – Саламат Мұқашев.

Абзал Қарасартов (НКВД отрядының басшысы) – Азамат Болатов, Мұхаммедсаид Бағашаров.

Қабыш Кәрімқұлұлы  (Шәкәрім денесін 30 жыл күзеткен ауыл адамы) – Мақсат Қабдеш.

Евней Букетов (көрнекті ғалым, академик) – Ернар Мұхамбет.

Мырзағұл (Құдайбердінің ортасы) – Жанғали Темірғалиев.

Махмұд (Айғаншаның әкесі) – Нұржан Тыныбек.

Дүйсембі (Шәкәрімнің досы) – Алмас Абденов.

Ақсақалдар – Сұлтан Кеңшілік, Қуаныш Жалғасов, Талғат Кеңес.

Ғабдолла Қоскеев (мұғалім) – Нұрдәулет Кеңшілік.

Ғабдолланың қалыңдығы – Айдана Болат.

Мұқыш Боштаев (сот мүшесі) – Ақәділ Иманғали.

Ыспан (Оразбайдың інісі, сотқа арызданушы) – Талғат Кеңес.

Бердеш Әзімбайұлы (көтеріліске қатысушы) – Бибол Байғараев.

Зият (Шәкәрімнің ұлы) –Илияс Өтетілеу, Бейбарыс Жүзбай.

Қасымбек (көтеріліске қатысушы) – Ербол Семкулов, Әлішер Исмаилов.

Идаят (көтеріліске қатысушы) – Нұрсұлтан Аймамбетов.

Ғылымбай  (көтеріліске қатысушы) – Илияс Өтетілеу.

Халитов (НКВД отрядының мүшесі) – Әлихан Әлішер.

Айтқожа Қожақанов (НКВД отрядының мүшесі) – Ислам Асылхан.

Мәуітхан Бәймішев (НКВД отрядының мүшесі) – Сүндетхан Дүйсеханов.

Айтмырза Түңлікбаев (НКВД отрядының мүшесі) – Аққанат Қуандықов.

Әнет баба (абыз) – Азамат Болатов.

Лев Толстой (елес) – Армат Амандықов.

Ақсұңқар – Еламан Иманбаев.

Құзғындар – Айдос Амандық, Әлихан Балаканов, Жауқашты Бекмырзаұлы, Мейірлан Бейсен, Нұрсұлтан Аймамбетов.

Гүллар (Шәкәрімнің қызы) – Калима Наушабаева, Инабат Ризабекова.

Төлебике (Құдайбердінің бәйбішесі) – Ақниет Замзат.

Ботанай (Құдайбердінің кіші әйелі) – Лаура Аязбаева.

Қалқаман  (батыр) – Аққанат Қуандықов.

Мамыр (Қалқаманның сүйгені) – Шынар Қалдыбай, Гүлден Құрмет.

Көкенай (батыр) – Сүндетхан Дүйсеханов.

Көпшілік сахнада: Театр артистері.

Сүйемелдейтін: Театрдың этно-фольклорлық ансамблі.

Құрметті  БАҚ  өкілдері!  «Музыкалық жас көрермен театрының» кезекті жаңа қойылымын тамашалап, ақпараттық қолдау білдіруге шақырамыз!

Өтетін орны: «Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры» РМҚК

Күн(дер)і: 19 қыркүйек сағат: 19:00, 2025 жыл.

20,21 қыркүйек сағат: 18:00 2025 жыл.

Қойылым ұзақтығы:  2 сағат 20 минут

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button