Жасанды интеллект-ел болашағы

Ғылым мен технологияның қарыштап дамыған заманында біздің еліміз де жаңа өзгерістерге бет бұрды.Қазіргі заманның озық технологияларының бірі-жасанды интеллект өмірімізге ене бастады.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында цифрлық технологияларды дамыту-білім сапасын арттырудың маңызды қадамы екендігін атап өтті.Сандық технологияларды қолдана отырып, білім сапасын арттырудың жолына ерекше тоқталды.
Біз, ұстаздар қауымы, мемлекет басшысының бастамасын қолдай отырып,білім беру саласына өзіндік үлесімізді қосып келеміз. Яғни, елімізде ЖИ технологиясын меңгерген ұстаздар үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп келеді.Президентіміздің білім беру үдерісіне ойдағыдай енгізіліп жатқан жасанды интеллект туралы пікірінде: «Технологиялық инфақұрылым бәріне қолжетімді болу керек»,-деген сөзі экожүйені қалыптастырумен қатар ЖИ-ді дамыту керектігін де айқындайды.
Басты мақсатымыз — еліміздің болашағы білімді ұрпақтың қолында екендігін ұстаз ретінде дәлелдеу.Сол себепті заманауи білім беру жүйесін қалыптастыру үшін цифрлық мүмкіндіктерді өзімнің іс-тәжірибемде үнемі пайдаланамын.ЖИ құралдары: Canva, Magic Media, ChatGPT-ді жиі қолданамын. Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуда жасанды интеллектіні қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар тобының мүшесі болуым — осының айқын дәлелі бола алады.
Президентіміз жасанды интеллектіні дамытпай,жаһандық бәсекеге төтеп бере алмаймыз деп бекер айтпады.Яғни, цифрлық жүйе-егеменді ел болудың кепіліне, еліміздің экономикасының артуына үлкен күш салады.
Жасанды интеллект — еліміздің инновациялық дамуының, цифрлық дербестігінің тірегі. Ел болашағы да,еліміздің ертеңі де -жас ұрпақтың қолында.Саналы,салиқалы ұрпақ қалыптастыру үшін — уақыт талабына да бағына білуің керек. Ал, заман ағымы уақыт жылжыған сайын өзгеріске ұшырайтынын да есімізден шығармауымыз керек. Жастарымыз заман талабына сай білім алумен қатар цифрлық технологияларды терең меңгерсе, мемлекеттің басты күшіне айналамыз. Білім мен ғылымды дамыту арқылы біз болашақта озық елдердің қатарына қосыла аламыз дегім келеді.
Бахина Бигожина,
Астана қаласы Шерхан Мұртаза атындағы
№63 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
«Үздік педагог-2025» байқауының жеңімпазы, ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкері



