Руханият
-
Жылқымен жарысқан уақыт
Қазақ халқы үшін жыл басы – тек күнтізбелік өзгеріс қана емес, ол табиғаттың жаңаруы мен тіршіліктің қайта түлеуінің белгісі. Көшпелі өмір салтын ұстанған ата-бабаларымыз әр жылды жануардың атымен атады әрі оның өзіндік мәні мен сипаты болды. Жылқы жылы – жылан жылынан кейін, қой жылынан бұрын келетін мүшел есебінің 7-ші жылы. Жылқы – еркіндіктің, батылдықтың және байлықтың символы. Сондықтан жылқы жылы…
Жалғасын оқу -
Дала өркениетіндегі билер билігі
Әлімсахтан Әлем билеушілерінің қасында ақылшы, билері болғандығы тарихтан мәлім. Қазақтың атақты билері Майқы Шыңғыс ханның, Едіге Тоқтамыс ханның, Асан қайғы Алтын орда ханы Ұлұғ Мұхамедтің, Жиенбет Есім ханның, Әнет баба Әз Тәуке ханның, Бұхар Абылай ханның ақылшы-кеңесші билері болғандығы туралы деректер соның айғағы. Хандар билеген дәуірдегі Қазақ халқынының аймақтық құрылымын басқарудың заңдық жүйесінің негізін құраған «Есімханның ескі жолы», «Қасымханның қасқа…
Жалғасын оқу -
Әдебиет – тарихтың насихатшысы
Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив басқармасы мен Ұлттық академиялық кітапхананың қолдауымен өтіп жатқан Қазақстан Жазушылар одағы елорда филиалының «Қаламгер ұстаханасы» жобасы аясында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Бексұлтан Нұржекеұлы «Көркем әдебиет және тарих» тақырыбында дәріс оқыды. Алматыдан бас қалаға арнайы келген көрнекті қаламгер көркем әдебиет пен тарих ұғымдарына анықтама бере келе, осы қос ұғымның ортақ міндетіне тоқталды. «Көркем…
Жалғасын оқу -
Наурызда туған нартұлға
Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің азаматтық ерлік жасағанына да 70 жылға тарта уақыт болды. Содан бері ол кісі туралы жылы лебіздер білдіргендердің қатарынан заңғар жазушымыз Ғабит Мүсірепов, халық батыры Бауыржан Момышұлы, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетов, мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасынов т.б. зиялы қауым табылды. Қаншама ақын-жазушы шығармаларын арнады. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын марқұм Несіпбек Айтұлының «Жер – жаннан қымбат» поэмасы, Асан Кәрішалдың,…
Жалғасын оқу -
Күш атасын таныдық
Биыл даңқты палуан, Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 155 жыл толып отыр. Осыған орай Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында халықаралық дәрежедегі палуанға арналған биографиялық тарихи драмасы сахналанды. Қойылым авторлары – Асылбек Наурызбай, Аманжол Қазыбек, ал режиссері – Ақниет Жақсығали. Сахналық қойылым Мұңайтпастың құдайға жалбарынып ұл тілеуінен басталады. Шыр етіп өмірге келген сәби көзін ашпастан анасынан ажырайды. Әжесінің бауырында болған…
Жалғасын оқу -
Ел мұраты ұйыстырған екі алып
Ұлт-азаттық қозғалыстың басты теоретигі, негізгі идеологы жəне шебер ұйымдастырушысы, І Мемлекеттік Думаның мүшесі, қазақтың ұлттық «Алаш» партиясының негізін қалаған, Алашорда үкіметін басқарған Əлихан Бөкейхан Ресейдің күллі мұсылман зиялыларының арасында ерекше беделге ие болып, өзімен үзеңгілес зиялы қауымның өріс бағытын айқындап, тұстастарына да, өзінен кейінгілерге де ұстаздық ете білді. Мұстафа Шоқайдың жазуынша, Əлихан Бөкейхан Сталинге «пролетарлық қозғалыс жоқ қазақ далаларында орыс…
Жалғасын оқу -
Жеңісі мен жеңілісі қатар өмір
Қытай қазақтарының айтыс өнерінде Құрманбек Зейтінғазыұлы мен Жамалхан Қарабатырқызының алатын орны ерекше. 40 жылдан астам айтыс сахнасында жүрген қос тарланның өлең сүйер қауымға аңыз болған әңгімелері де аз емес. Ел алдына шықса қара өлеңмен қағысып, қызыл тілмен айқасып отыратын екі ақын жайшылықта бірін-бірі көтермелеп, қашанда тасын төрттен қойып отыратын. Құрманбек өмірінің соңғы кезінде қатты ауырды. Бірақ өлең-тойлардан қалмай, жұрт алдында…
Жалғасын оқу -
Серіктің соны соқпағы
Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәкен Жүнісов қазақ қара өлеңінің ақжал арыстанына теңеген көрнекті ақын, драматург, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тұрғынбекұлы өміріндегі бір мерейлі белеске шығып отыр. Көктемнің алғашқы күні жарық дүние есігін ашқан ақынды майда, жылы лебімен қардың көбесін сөгетін алтын күрекке ұқсатқанымыз бар еді. Қаламгердің бар болмысы да табиғаттың осы бір…
Жалғасын оқу -
Антропология Алпамысы
Былтыр ғалымның мерейтойы қарсаңында өзі кезінде қызмет істеген Ұлттық музейде «Ғасыр. Тұлға. Ғылым» атты дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылды. Сонда Оразақ Смағұлдың қазақтың шығу тегін зерттеудегі ерен еңбегі, тұлғалық болмысы туралы біраз айтылды. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ғалымға арнайы құттықтау жолдады. «Біз өзіңізді қазақтан шыққан тұңғыш антрополог, парасатты профессор, әйгілі академик ретінде ерекше қадірлейміз. Сіз саналы ғұмырыңызды төл шежіремізді түгендеуге арнадыңыз.…
Жалғасын оқу -
Түркі жұртының тілін түгендеген
Түрік текті халықтардың ынтымағын, рухани-мәдени бірлігін нығайтуда тілдің алатын орны айрықша. Шыққан тегі бір туысқан халықтардың бір-біріне жақын немесе жат болуына олардың тілдерінің қай бағытта дамығаны да тікелей ықпал етеді. Тіл таным мен қарым-қатынас құралы болғандықтан, олардың арасындағы айырмашылықтар ұлғайған кезде сол тілде сөйлеушілердің таным-түсінігінде өзгерістер пайда болып, қарым-қатынасы мен түсінісуі де қиындай түседі. Сондықтан түркі халықтарының алдында ғылым-білім, экономика…
Жалғасын оқу