Шаһар шежіресі

  • Әжем мен атам туралы

    Шәйізза Ахметқызы (1893-1969 ж.ж.) әжем ұзын бойлы, аққұба, ақкөңіл, аңқау, ағайынның бірін-біріне атыстырып-шабыстыру дегенді білмейтін, қолы ашық, бауырмал, қамқор, еңбекқор, қайратты кісі болды. Мен «болыстың қызымын» деп айтқанын ешқашан естіген емеспін. Өзіміздің жанұяда алты бала болдық. Неге екені маған беймәлім, әжем Шәйізза сырларын жерошақ басында тек маған айтып, ескертетін: ешкімге айтушы болма! – деп. Әжем: «Атаңның төрт інісі болған –…

    Жалғасын оқу
  • Әйелдер форумы – Ақмолада

    1995 жылы 9 мамырда қаламыздағы Жасөспірімдер сарайында республика әйел­дерінің ІV съезі өтті. Жиынға 18 облыстан 90 делегат әйел-ана келді. Олармен бірге қаламыздағы әлеуметтік, қоғамдық өмірімізге белсене араласып, өздерінің іскерлік саясатымен ерекше көзге көрініп жүрген көптеген қыз-келіншек қатысты. Атап айтсақ, Жұмагүл Саухатова, Клара Әмірқызы, Африза Құсайынқызы, Жұмабике Егінбаева, Роза Асылбекова, Светлана Жалмағанбетова, т. б. Съезді өзінің құттықтау сөзімен А.Браун ашып, әрі…

    Жалғасын оқу
  • Целиноград фарфор зауыты

    1931 жылы Ақмола ауданында геологиялық зерттеу нәтижесінде жоғары сұрыпты каолин ақ топырақ табылады. Көп ұзамай, 1937 жылы осы өңірде фарфор зауыты ашылады. Оның үш бірдей бөлімшесі жұмыс істеген. Бірінші фарфор пешін пеш шебері Адольф Фрейтер салған. Зауыт «түзету жүйесіндегі тұтқындарды» қамтамасыз ету үшін тұрмыстық фарфор ыдыс­тарын шығаруға маманданған. Олар ыдыс-аяқ қалыптары, вазалар, сәндік табақтар, сыйлық саптыаяқ­тары және фарфордан жасалған мүсіндер…

    Жалғасын оқу
  • «К-700» шеруі

    1974 жыл Тыңның 20 жылдығына сәйкес келген, кезінде Ұлы төңкеріс күні деп аталған 7 қараша мейрамынан түсірілген мына кадрда қазақ жерінің астан-кес­тенін шығарып, жер жыртқан K-700 Кировец тракторының бір шоғыры шеруді бастап келеді. Ауыл шаруашылығының алып машинасы 1969 жылдан бері шығарылған, трактордың қуаты мен әмбебаптығы шаруалықтың түрлі саласына сай келсе де К-700 өндірісі 2002 жылы тоқтатылды. Оның қала тарихымен де…

    Жалғасын оқу
  • Батыр атында фабрика болып еді..

    1940 жылдың 1 қаңтарында Ақмола облыстық өнеркәсіп одағы ұйымдастыру ­бюросының шешімімен жаңа «Швейник» артелі құрылды. Сөйтіп, Мәншүк Мәметова атындағы тігін фабрикасының қалыптасуы соғыс жылдарымен сәйкес келді. Артель Қызыл Армия жауынгерлері үшін әске­ри киім тігумен айналыс­ты. Соғыс кезінде ұжым жыл сайын жоспарды артығымен орындауға және жау толық талқандалғанға дейін демалыссыз – күніне 12 сағаттан жұмыс іс­теуге міндетті еді. Жоғары сапалы өнім…

    Жалғасын оқу
  • Астананың алғашқы мешіті

    Елордадағы Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің 1943-1944 жылдардағы екі бөлмелі шағын үйден бастау алған бай тарихы бар. Қаланың ескі орталығындағы бұл үй 50 жыл бойы мешіт және діни орталық қызметін атқарды. 1991-1996 жылдар аралығында мешіт аумағы кеңейіп, жаңадан салынды. Оның іргетасын қалаған кезде «Целиноградсельмаш» зауытының жұмысшылары мен облыстық «Тіл және мәдениет» қоғамы қала тұрғындарына арналған үндеу қабылдап, елеулі жұмысты бүкіл халық…

    Жалғасын оқу
  • Сарыарқада – мұхитарал

    «Алтын жұлдыз» еліміздің ең таңдаулы басылымдарына берілетін мәртебелі сыйлық. Журналистика мен бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қолдау көрсету, Қазақстан қоғамында журналист мәртебесiн көтеру, отандық БАҚ арасында бәсекелестiктi дамыту, үздiк журналистердi шығармашылық iзденiсi мен шеберлiгi үшiн көтермелеу мақсатында тапсырылады.  2003 жылы «Астана ақшамы» газеті әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани тақырыптарды кең қамтыған басылым ретінде танылып, аталмыш сыйлықты иеленді. 2003 жыл «Астана ақшамының» «Алтын жұлдызы»…

    Жалғасын оқу
  • Есіл өңірінің тарихшысы

    А.Ф.Дубицкий – өзінің шығармашылық ғұмырында шындықты бояусыз және айқын бейнелеуге бар қабілетін жұмсаған қаламгер. Оның әсіресе, Есіл өңіріне арнап өлкетану тұрғысында жазылған «Акмола – город славный», «Где течёт Ишим», «На грозовом ветру», «Пройдёмся по улицам Целинограда» деген кітаптары Ақмола атырабының тарихын тамаша білетіндігін дәлелдеп береді. Дубицкийдің өлкетану кітаптарында  Астананың көшелері, үйлері, ескерткіштері, газеттері, алғашқы тұрғындары мен құрылысшылары, 1950-1980 жылдардағы археологиялық…

    Жалғасын оқу
  • Ер Кенекем Есілдің жағасында…

    2000 жылдың 31 желтоқсанында сол жылы өткен Сидней Олимпиадасында айды аспанға шығарып, чемпион атанған боксшы Бекзат Саттарханов жол апатында қаза болды. «Осыдан жиырма күн бұрын жиырма жасар Бекзат елордамыз Астанада болып, елінің торқалы тойы Тәуелсіздік күнін бас қаламызда қарсы алған еді» . Жұлдызың сөнбейді, Бекзат! 2001 жыл, 6 қаңтар Сиднейдің төрінде Қазақстанның байрағын көтерген Олимпиада қаһармандары Ермахан Ыбырайымов, Ольга Шишигина,…

    Жалғасын оқу
  • Астана – әлем қаласы

    Ақпанда біздің басылым Арқа өңіріне ел баспасөзінің қарашаңырағы «Егемен Қазақстан» көшіп келгенін сүйіншіледі. Бұл бір айтулы күн болды. Осынау үлкен ұжымды баспасөздің ардақтысы, халықтың маңдайына біткен марқасқа ұлы, бір кездері өзі осы газеттің бас редакторы болған Шерхан Мұртаза мен газеттің қазіргі бас редакторы Ержұман Смайыл бастап келген еді. Ел газеті елордаға көшіп келді 1999 жыл, 23 ақпан «Халқымыздың басында көш…

    Жалғасын оқу
Back to top button