Саясат
-
Марокколық сарапшылар Қазақстандағы конституциялық референдумді тарихи оқиға деп бағалады
Наурызнама онкүндігі аясында Рабат қаласында «Nauryz Talks» атты пікір алмасу іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара Наурыз мейрамына, Қазақстандағы маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға, оның ішінде жақында өткен конституциялық референдум қорытындыларына арналды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Басқосуға Марокко Парламенті Кеңесшілер палатасының мүшесі Фатима Зугах, жетекші марокколық медиа басшылары – Maghribona24 бас редакторы Юнес Әл Хаж, MoroccoWorldNews бас редакторы Аднан Беннис, Journal de l’Afrique Atlantique…
Жалғасын оқу -
Жаңа Конституцияның толық мәтіні «Egemen Qazaqstan» газетінің сайтында жарияланды
Жаңа Конституцияның толық мәтіні «Egemen Qazaqstan» газетінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов 10 сәуірге дейін Конституцияны жаппай таралыммен басып шығарып, мемлекеттік органдарға, білім беру, мәдениет ұйымдарына, кітапханалар мен сауда орындарына жеткізуді тапсырды. Сондай-ақ 20 сәуірге дейін Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктеріне тиісті әдістемелік нұсқаулар мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеуді жүктеді.
Жалғасын оқу -
Орталық референдум комиссиясы: жаңа Конституция қабылданды
«Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 31, 33-баптарына сәйкес және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық референдум комиссияларының ұсынған хаттамалары негізінде Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы дауыс беру нәтижелері туралы хабарлайды: референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 12 482 613; дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны – 9 127 192 немесе 73,12 процент; референдумға…
Жалғасын оқу -
Мемлекет басшысы Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Ақордада өткен іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты.
Жалғасын оқу -
Мәскеуде Қазақстандағы Референдумның қорытындылары талқыланды
Мәскеуде Қазақстан Елшілігінде Ресей парламентшілерінің, дипломаттардың, заңгерлер мен саясаттанушылардың қатысуымен ҚР жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша Референдумның қорытындысы бойынша дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Кездесуді аша отырып, Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев жиналғандарды Орталық сайлау комиссиясы жариялаған плебисциттің алдын ала нәтижелерімен таныстырды. Алдын ала сандарға сәйкес, келу 73%-дан асқан, жаңа Конституцияны қолдап шамамен 8 миллионға жуық адам дауыс берген,…
Жалғасын оқу -
Конституциялық Сотқа халықаралық бақылаушылар келді
Конституциялық Сотқа жаңа Конституция бойынша референдумды бақылауға келген халықаралық бақылаушылар келді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова ТМД Парламентаралық Ассамблеясының 58 халықаралық бақылаушыларымен, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының делегациясымен және ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының делегациясымен үш бөлек кездесу өткізді. Кездесулерге Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов және Аппарат өкілдері қатысты. Халықаралық бақылаушыларға республикалық референдумға шығарылған…
Жалғасын оқу -
Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды
Халықаралық миссиялардың өкілдері 15 наурызда Қазақстанда өткен республикалық референдумға қатысты өз бағалауларымен бөлісуді жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Мьянма Республикасы Одақтық сайлау комиссиясының комиссары Тан Хтут Тейн конституциялық өзгерістерді талқылауға азаматтардың жоғары қызығушылық танытқанын атап өтті және Қазақстандағы референдум тәжірибесі басқа елдер үшін пайдалы болатынын айтты. Оның сөзінше, бақылаушылар миссиясы қоғамдық реакцияны және азаматтардың конституциялық өзгерістерді талқылауға белсенді қатысуын мұқият бақылаған.…
Жалғасын оқу -
Қырғызстан ОСК төрағасы: Қазақстандағы референдум жоғары азаматтық белсенділікпен өтті.
Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Тынчтык Шайназаров республикалық референдумның жоғары деңгейде дайындалғанын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. «Конституция — елдің тұрақтылығы мен бейбіт өмірінің негізі. Оның басты қағидасы — билік халықтың қолында. Сондықтан мемлекеттің болашағын халық анықтайды. Бұл — демократиялық қоғамның негізгі принципі», — деді Шайназаров. Ол Қазақстанда референдумға дейін ауқымды дайындық жұмыстары жүргізілгенін атап өтті. Халықаралық бақылаушының сөзінше, дауыс беру…
Жалғасын оқу -
Ел тағдыры айқындалған күн
Референдумда дауыс берді Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан № 51 референдум учаскесінде дауыс берді. Президент дауыс берген соң отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін еліміздің дамуы мен келешегі үшін ерекше маңызды күн екенін атап өтті. «Бүгін еліміздің тағдырын айқындайтын күн. Баршаңызға құтты болсын! Шын мәнінде, бұл…
Жалғасын оқу -
15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазмедиа» орталығында республикалық референдум аясындағы үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан жастармен кездесті. Президент 15 наурыз тарихи күн екенін атап өтіп, жастарға ризашылығын білдірді. «Шын мәнінде, бұл күн ел өмірінде мәңгі сақталады. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді. Бұл – еліміздің басты құжаты. Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата Заңдардың…
Жалғасын оқу