Қоғам

АЭС — ғылым жетістігі

Егер Қазақстан халқының басым бөлігі алдағы референдумда АЭС салуды қолдап дауыс берер болса, онда атом электр стансасын МАГАТЭ шешімімен  консорциум ретінде бәрі бірігіп салуы мүмкін. «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев осындай пікірін айтып,  атом электр стансасының соңғы буынын ғылымның зор жетістігі ретінде бағалады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

-Халықпен АЭС бойынша кездесуде оларды негізінен төрт нәрсе қатты толғандырады. Атап айтқанда, атом электр стансасының қауіпсіздігі, экологияға әсері, мамандармен қамтамасыз ету және жемқорлық мәселелерін көтереді. Қауіпсіздік жағынан айтар болсақ, ғылымда қателікпен жұмыс істеу деген түсінік бар, яғни АЭС реакторларының әр буыны жаңарған сайын бұрынғы түрінің кемшіліктерін қайталамай, жетілдіре отырып салынады. Ең бірінші буыны ашық түрде жасалды, екінші буынында үстінен үлкен жабық күмбез салынды. жер сілкініп, сел болса да міз бақпайтындай деңгейге дейін жеткізілді. Қазіргі 3+ буынында соның бәрі қарастырылған, АЭС-ті басқару орталығы роботтандырылған. Адамдар тек бақылайды, толығымен жасанды интеллект басқарады. Реактор сыртында 30 см блоктан жасалған қап болады. АЭС-ке бөлінетін қаражаттың 50 пайызы оның осындай қауіпсіздік мәселесін қамтамасыз етуге жұмсалады.

Көпшілік айтқандай, жемқорлыққа да жол берілмейді, себебі оның құрылысын халықаралық МАГАТЭ ұйымы қадағалап отырады. Құрылысын жүргізуге Қазақстан шенеуніктерінің қатысуына мүмкіндігі болмайды. Қажеттілігіне келсек, елімізде электр энергиясының тапшылығы анық бар екені рас, соның жетіспеушілігінен қаншама өндіріс орындары мен кәсіпорындар ашылмай қалып жатыр. Қазір 30 пайыз энергияны көршілерден сатып алып отырмыз, яғни энергиялық тәуелді мемлекетпіз. Ал бәрі айтып жүрген күн мен жел энергиясы – тұрақсыз энергия көзі саналады. Сондықтан АЭС-тің қажеттілігі нақты және оны салу – заман талабы.

Райхан Рахметова

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button