Мектеп кешіне қаражат жиналмайды
Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында мектеп бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Биыл аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады.
«Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді. Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды» делінген Оқу-ағарту министрлігінің хабарламасында.



