Астана мектептерінде 9-сынып оқушыларының қорытынды емтиханы басталды
Астанадағы мектептерде 9-сынып оқушыларының қорытынды емтиханы өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Астанада 2025-2026 оқу жылында қала мектептерінде 314 964 оқушы білім алды. Оның ішінде білім беру ұйымдарында 9-сыныпты 24 мыңнан астам, ал 11-сыныпты 16 мыңнан астам түлек тәмамдады.
Бүгін қала мектептерінде қорытынды аттестаттау жұмысы басталып, 9-сынып оқушылары емтихан тапсырып жатыр. Олар 29 мамыр мен 11 маусым аралығында 4 пән бойынша емтихан тапсырады. Ал 11-сынып түлектерінің мемлекеттік емтихандары 2-15 маусым аралығында 5 пән бойынша өтеді.
Қорытынды аттестаттау – оқушылардың мектеп қабырғасында алған білімін саралайтын маңызды кезең. Осыған байланысты барлық білім беру ұйымында емтиханның әділ әрі ашық өтуіне қажетті жағдайлар жасалған.



