Ел тынысы

Мамырда – 14 күн демалыс

Мамыр – шын мәнінде мереке айы. Биыл мамыр айында 14 күн демалыс болайын деп тұр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

2026 жылғы мамыр айында қазақстандықтар бірқатар мерекелерді атап өтеді.

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Биыл бұл күн жұмаға сәйкес келеді. Бес күндік жұмыс аптасы бар азаматтар 1-3 мамыр аралығында (жұма, сенбі, жексенбі) үш күн қатарынан демалады.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Бұл күн бейсенбіге түсіп, бір күн демалыс беріледі.

9 мамыр – Жеңіс күні. Бұл мерекеде демалыс үш күнге созылады: 9-11 мамыр (сенбі, жексенбі, дүйсенбі). Сенбідегі демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылады.

Сонымен қатар, 27 мамыр – Құрбан айт мерекесіне орай қосымша демалыс күні беріледі (сәрсенбі).

Осылайша, 2026 жылғы мамыр айында қазақстандықтар: бес күндік жұмыс аптасында – 14 күн, алты күндік жұмыс аптасында – 12 күн демалады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button