
2026 жылғы 15 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді. Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған азаматтары Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігіндегі №428 сайлау учаскесінде дауыс бере алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Сайлау учаскесі Бішкек уақыты бойынша 07:00 – 20:00 аралығында жұмыс істейді.
Сайлау учаскесінің мекенжайы: Бішкек қаласы, Октябрь ауданы, Шыңғыс Айтматов даңғылы, 95 «А» үй (Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимараты).
Сайлау учаскесіне келген кезде өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.
Сайлау процесін ұйымдастыруды жеңілдету үшін біз Бішкектегі сайлаушылардан өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, Қырғыз Республикасындағы тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны, электрондық поштасы) n.gilmanov@mfa.kz электронды поштасына алдын ала жіберулерін сұраймыз.



