Ел тынысы

«Automechanika Astana 2026» көрмесі өтеді

2026 жылғы 10-12 маусым аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында «Automechanika Astana 2026» халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Көрме Messe Frankfurt GmbH лицензиясы негізінде ұйымдастырылып, автокомпоненттер, қосалқы бөлшектер, жабдықтар және көлік құралдарын пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуге арналған сервистік шешімдер нарығына бағытталған. Сонымен қатар, диагностика және жөндеу саласындағы тәжірибелік технологиялар да қамтылады. «Automechanika» көрме бренді аталған саладағы әлемдегі ең ірі іс-шаралардың бірі болып табылады және әлемнің 16 қаласында өткізіледі.

2026 жылы Automechanika Astana көрмесінің ұйымдастырылғанына 10 жыл толады. Осы уақыт аралығында көрме автомобиль өнеркәсібі, автосервис, қосалқы бөлшектер, жабдықтар және технологиялар саласы өкілдері үшін Орталық Азиядағы маңызды салалық алаңдардың бірі ретінде танылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button