Әлеумет

Заманауи орталық ашылады

Бас қалада заманауи «Жәрдем» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылады. Аталған орталық мамыр айында пайдалануға беріледі. Жалпы аумағы 6161 шаршы метр болатын жаңа орталық Сарайшық ауданында орналасқан. Ол әлеуметтік қолдау бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асып отыр.

Орталық 18 жастан асқан, психоневрология аурулары бар, әрекетке қабілетсіздігі белгіленген мүгедектігі бар адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған. Мақсат – қызмет алушыларды жан-жақты қолдау және қоғамға бейімдеу.

– Нысанда қызмет алушылардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өзін-өзі күту дағдысын дамытуға, физикалық және психоэмоционалдық жағдайын қолдауға бағытталған кешенді көмек көрсетіледі. Қызметтер жеке қажеттіліктерді ескере отырып ұсынылады. Атап айтқанда, әлеумет, тұрмыс, медицина, психология, педагогика, еңбек, мәдениет, экономика және құқық бағытындағы көмекті қамтиды, – деді «Жәрдем» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Азамат Оспанов.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button