Мәдениет

Талабы таудай Талапбек

Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры сахнасында ақын Талапбек Тынысбекұлының «Жез бұйдалы жылдар» атты шығармашылық әдеби-сазды кеші өтті.

Кеште «Керқұлан», «Бұланай» жыр жинақтары мен «Жез бұйдалы жылдар» мақалалар жинағының тұсауы кесілді. Театр ұжымы ақын өлеңдерін оқып, оның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Ақынның өзі де жырларын оқып, туған жер, Отан туралы өлеңдерімен көрермен көптің жүрек қылын тербеді. Ақынға құрмет ретінде достары темір тұлпар мінгізіп, қазақы дәстүрмен ат мінгізіп, атан жетектетті.

Талапбек Тынысбекұлы 1982 жылы арғы беттегі Алтайдың Қаба өңірінде дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Әр жылдары білім, ғылым және мәдениет саласында қызмет атқарып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан.

Оның шығармалары бірқатар ұжымдық жинақтарға енген. «Арғы жағы Ертістің бергі жағы», «Ақ тулы Қожаберген батыр» мақалалар жинағының авторы.

Ақын жырларының өзегі – отаншылдық рух. Ол елдік сананы оятып, бірлік пен туған жерді қадірлеуге үндейді.

Қалиакбар ҮСЕМХАНҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button