Мәдениет

Квартеттің ­концерті

Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академия­лық филармониясы «Қазақквартет шақырады» циклы аясында Ғ.Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті квартеттің (көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мыңтаев) «Мерейтойлар сиқыры» концертін ұсынды. Концерт «Астана Опера» театрының К.Байсейітова атындағы камералық залында өтті.

Өнер ұжымы И.С.Бахтың соңғы туындыларының бірі – «Фуга өнері» («Kunst der Fuge») шығармасынан үзінді орындады. Ф.Мендельсонның 44-опусына кіретін квартеттер ХІХ ғасырдың музыкалық мәдениетіне веналық классиктердің дәстүрін жалғастырып, автобиографиялық сипатқа ие болды. Композитор бұл туындыларды өзіне жақын адамдарына арнап жазған. Квартет №2 ми минор ор. 44 шығармасы классикалық қатаң формасымен ерекшеленеді. Квартет бағдарламасына қазақстандық композиторлардың шығармалары да енген. Дәстүр бойынша бұл кеште А.Тоқсанбаевтың «My respect to Mr. Tattimbet» атты квартеті орындалды.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button