Мәдениет

Астанада Роза Рымбаеваның мерейтойлық шығармашылық кеші өтті

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасында Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның шығармашылық жолының 50 жылдығына арналған мерейтойлық кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кеш барысында әншінің қазақ эстрадасының алтын қорына енген танымал туындылары шырқалды. Концерттің шымылдығы Әли Оқаповтың арнайы осы кешке арнап жазған «Бабалар аманаты» композициясымен ашылды. Әсерлі туындыны Роза Рымбаеваның өзі орындады.

Мерейтойлық кеш аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталды. Құттықтауда Роза Рымбаеваның сахнадағы жарты ғасырлық шығармашылық жолы өлшеусіз еңбек, терең ізденіс, биік талғам, шынайы талант пен өнерге деген адалдықтың жарқын көрінісі екені атап өтілді.

Концертке отандық эстраданың бірнеше буын өкілдері қатысты. Олардың қатарында ALEM, Қазыбек Құрайыш, Қайрат Баекенов, Батыржан Тазабеков, Маржан Арапбаева, Гүлсім Мырзабекова, Баян-Сұлу және Илигай өнер көрсетті. Сонымен қатар сахнаға әншінің ұлдары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаев шығып, немересі Зейінмен бірге «Жарасқан жанұя» әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Кеш барысында Илья Башкатов бастаған музыканттар, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің Президент оркестрі және дирижер Дархан Рахымғалидің сүйемелдеуімен таңдаулы туындылар орындалды.

Шығармашылық кеш соңында «Любовь настала», «Әлия» және «Ертеңіме сенемін» әндері шырқалып, Роза Рымбаеваға «Ықылас гүлі» табысталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button