Қоғам

Елорданың кейбір сауда желісінде картопты шектеп сатып жатыр

Астанада «Small» және «Spar» сауда желілерінде 5 келіден артық картоп сатып алуға уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

 

Бұл туралы қалалық инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы хабарлайды.

— Елордада картоптың бағасын тұрақтандыру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды. Картоп жетіспеушілігі байқалмайды. Өнім қаланың сауда желілері мен базарларда жеткілікті көлемде және қор уақтылы толықтырылып отырады, — делінген хабарламада.

Дегенмен елорданың инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы кейбір сауда желісінде картоптың шекті көлемде сатылып жатқанын растады. 

— Өнімді жаппай сатып алуды болдырмау және халықты қамту мақсатында «Small» және «Spar» сауда желілерінде картопты сатуға уақытша шектеу енгізілді, яғни бір адамға 5 келіден артық сатылмайды, — дейді мекемеден.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров елде картоп бағасының күрт өсуін Үкіметтің былтырғы қателіктерімен байланыстырған болатын.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button