Қоғам

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан жастарының форумы өтті

Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан жастарының форумы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл күндері Душанбеде Қазақстан мен Тәжікстан жастарының форумы өтуде. Тараптар жастар саясатының негізгі мәселелерін талқылады. Қатысушылар қатарында жастар қозғалысының көшбасшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, екі мемлекеттің кәсіпкерлері бар.

Қазақстан делегациясын ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров басқарды.

«Қазақстан мен Тәжікстанды ғасырлар бойғы тарих, мәдени және экономикалық қатынастар байланыстырады. Дегенмен, еліміздің болашағы көп жағдайда жастарды қалай қолдап, дамытуымызға байланысты. Өңіріміздегі өзгерістердің, жаңашылдықтың, ілгерілеудің қозғаушы күші – дәл осы өскелең ұрпақ», – деп атап өтті Қайрат Қамбаров.

Кездесудің негізгі мақсаты – екі елдің жастар ұйымдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту және жастардың өзекті мәселелерін шешу үшін бірлескен стратегияларды әзірлеу. Атап айтқанда, форумда волонтерлік қозғалысын, жастар кәсіпкерлігін дамыту және стартаптарды қолдау механизмі талқыланады.

Форум қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы қарарға қол қойды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button