Білім

Астана мектептерінде оқу жылы бірыңғай сынып сағатымен қорытындыланды

Астана қаласының білім беру ұйымдарында 2025/2026 оқу жылының аяқталуына байланысты «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында 1-11 сынып оқушылары арасында «Заң мен тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сынып сағатының мақсаты – жас ұрпақ арасында патриотизмді, бірлік пен келісімді, жалпыұлттық құндылықтарға құрмет қалыптастыру, Конституцияның маңызын түсіндіру және заң мен тәртіп қағидаттарын дәріптеу.

Сонымен қатар оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға және қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Айта кетейік, 2025/2026 оқу жылында елорданың 206 орта білім беру ұйымында 314 964 оқушы білім алды. Мектепті 16 мыңнан астам түлек аяқтады. Оның ішінде 1 208 оқушы үздік аттестатқа үміткер болса, 650 оқушы «Алтын белгіге» үміткер.

Сонымен қатар жазғы кезеңде қала бойынша 242 мыңнан астам оқушыны сауықтыру және демалыс шараларымен қамту жоспарланып отыр.

Астана қаласының Білім басқармасы мен Полиция департаменті ата-аналар мен оқушыларды жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button