Мәдениет

Департаменттың жеке құрамына арналған «Шәмші» мюзиклі

Астана қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне «Шәмші» мюзиклін ұсынды.

Аталған мәдени іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің рухани-мәдени деңгейін арттыру, отансүйгіштік құндылықтарды насихаттау және ұлттық өнерге деген қызығушылықты күшейту болып табылады.

Қойылым барысында көрермендер қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқов өмірі мен шығармашылығына негізделген әсерлі сахналық туындыны тамашалады. Мюзикл көрермендер тарапынан жылы қабылданып, отандық музыкалық мәдениетті тереңірек сезінуге мүмкіндік берді.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендер тарапынан оң бағасын алды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button