Ел тынысы

Балаларға мерекелік іс-шара өткізді

Астанадағы YEE Astana Түрік мәдени орталығында Түркияда аталып өтетін 23 сәуір – Ұлттық егемендік және балалар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Жиынға Түркия Республикасының Астанадағы Елшісі Мұстафа Капучу қатысып, құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бағдарламаның жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосқан «Замандас» әлеуметтік қорының басшысы Ләззат Алшынова орталықтағы түрік тілін үйренуші ретінде құттықтау сөзін түрік тілінде жеткізді.

Іс-шара екі мемлекеттің әнұранымен басталды. Бағдарлама аясында ұйымдастырылған сурет көрмесінің қорытындысы бойынша байқау жеңімпаздары анықталды.

Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған музыкалық кеш ұсынылып, қатысушылар сахнада өнер көрсетті.

Байқау нәтижесінде үздік қатысушылар марапатталып, барлығына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.

Бағдарламаның соңында түрік дастарханынан тағамдар мен тәттілер ұсынылды. Іс-шара достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етіп, балалардың жарқын болашағына деген сенімді арттырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button