Құқық

Қоғамдық орындарды ластағаны үшін 500-ге жуық елорда тұрғыны жауапқа тартылды

Күн жылынған уақыттан бастап елордада қоғамдық орындарды ластау жағдайы жиілей түсті. Көлік тұрақтарында, көпқабатты үйлердің аулаларында, гүлзарлар мен саябақтарда тұрғындар жиі темекі тұқылдарын, күнбағыс дәнінің қабықтарын, қаптамалар мен басқа да тұрмыстық қалдықтарды тастап кетеді. Қалалық Полиция департаменті мұндай әрекеттер тек қаланың келбетін бұзып қана қоймай, заңнама бұзушылық болып саналатынын еске салды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қоғамдық орындарды ластау әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Заңда көзделген жағдайларға сәйкес құқық бұзушыларға айыппұл салу, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қарастырылған.

Құқық бұзушылық фактілері полиция қызметкерлерімен патрульдеу барысында да, қалалық бейнебақылау жүйелері арқылы да анықталады. Камералар рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастау жағдайларын тіркеп, құқық бұзушыларды анықтауға және жауапқа тартуға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін шамамен 500 тұрғын жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар абаттандыру ережелерін бұзудың 23 мыңнан астам дерегі анықталған.

Полиция өкілдері тазалық сақтау күнделікті әдетке айналуы тиіс екенін атап өтті. Таза әрі жайлы қала әрбір тұрғынның қоршаған орта мен қоғамдық кеңістікке деген құрметінен басталады.

Тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы да тұрақты түрде өткізіліп келеді. Аталған акция аясында аумақтарды абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді санитарлық тазарту, көгалдандыру және халықтың экологиялық жауапкершілігін арттыру шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button