Құқық

Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы дәріс өткізілді

Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында №24 орта меткептің 260-тан астам оқушыларына құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыбы бойынша дәріс өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру мен құқық бұзушылықтардың, атап айтқанда, есірткі қылмыстың, интернет-алаяқтықтың, дропперліктің болдырмауы және сталкинг, өзге құқыққа қарсы әрекеттермен байланысты сұрақтарды талқылау аталған іс-шараның мақсаты болып табылады.
Сонымен қатар дәріс барысында студенттер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, оларға қолданыстағы заңнаманың нормаларына сәйкес жауап алды. Жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылық пен тәрбиені қалыптастыру аудан прокуратурасының бақылауында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button