Мәдениет

Бабадан қалған қазына

Елорданың «Қаламгерлер» аллеясында Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында «Ұлттық ойындар – бабадан қалған қазына» атты отбасылық жарыс өтті.

Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдас­тырған іс-шараға Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия, Төлеген Айбергенов атындағы №16 орта мектеп және №31 мектеп-гимназия оқушылары ата-аналарымен қатысты. Үш түрлі ұлттық ойындар, атап айтқанда, арқан тарту, тоғызқұмалақ, асық ойнау бойынша жарыс өткізілді.

Жарысқа қатысушылар тапқырлық, ептілік, табандылық және жеңіске деген ынтасын көрсетті. Белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

«Ұлттық ойындар – біздің мәдени мұрамыздың бір бөлігі. Мәдени мұра тек өнер, әдебиет және руханият қана емес, сонымен қатар ұлттық дәстүрлер де. Бұл дәстүрлерді қазіргі ұрпақтың санасына сіңіру мерекенің басты лейт­мотиві болды» деді Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан
Мәдібаева.

Іс-шара аясында «Ұлттық ойындар – бабадан қалған алтын қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда ұлттық ойындардың сан алуан түрлері, олардың шығу тарихы мен сақталуы туралы кітаптар ұсынылды. Көрмеге Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ, Битабар Қасаболатов, Қосжан Шоқпарұлы және т.б. ұлттық ойындардың даңқын асырған тұлғалардың өмірі туралы кітаптар қойылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button