Ардагерлер алғыс айтты

0 42

Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері мен «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысының елордалық тәрбиеленушілері «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» ауласын қардан тазартты.«Біз біргеміз» челленджін қолдаған әскерилердің қайырымдылық ісіне мекеме тұрғындары да дән ризашылығын білдіріп, баталарын берді.
«Әскери қызметшілер мен жас жеткіншектер осыған дейін де Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен бірнеше жалғызбасты зейнеткердің аулаларын қардан тазартуға көмектескен болатын. Еріктілер жылында осындай мейірімділік және тәрбиелік мәні бар істерді әлі де жалғас­тыратын боламыз» дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ерболат Джусупов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 8 =