Білім

Жас зерттеушілер экологиялық жобалар конкурсында бақ сынады

Астана қаласында 5-8 сынып оқушылары арасында экологиялық бағыттағы дарынды жас зерттеушілерді анықтауға арналған «ProEco» экологиялық жобалар конкурсы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Ауқымды білім додасының негізгі мақсаты — экологиялық мәселелерге қызығушылық танытатын, зерттеу дағдылары қалыптасқан, шығармашылық және сыни ойлау қабілеті жоғары оқушыларды анықтау және қолдау. Биылғы конкурсқа еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 88 жоба бойынша 105 оқушы қатысты.

Жобалар төрт негізгі бағыт бойынша бағаланады. «Туған өлке табиғаты» бағыты аясында қатысушылар виртуалды экскурсиялар, 3D-модельдер мен интерактивті карталар ұсынады. «Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем» бағыты табиғи құбылыстарды бейнелейтін бейнематериалдар, қысқа деректі фильмдер, фотоэсселер мен шығармашылық жұмыстарды қамтиды.

Ал «Үздік экологиялық бастама» бағыты экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған зерттеу жобалары, экодизайн үлгілері және инфографика элементтерімен толықтырылған талдамалық жұмыстарды біріктірді. «Таза қала сізден басталады» бағыты аясында қалалық ортаны жақсартуға арналған экологиялық акциялар, көгалдандыру және абаттандыру жобалары ұсынылды.

Конкурс ережесіне сәйкес қатысушылардың 45 пайызы ҚР Оқу-ғарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификат табысталды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button