Жан-жақты қолдаудың жарқын көрінісі

Корей ұлттық мәдени орталығы Целиноградта 1989 жылы құрылып, бірден балалар мен ересектерге арналған корей тілі курстары ұйымдастырылды. Этникалық корейлер корей тілі мен жазудың негіздерін ғана емес, тарихын, әдет-ғұрпы мен мәдениетін де білуге мүмкіндік алды.
1995 жылы Корей республикалық қоғамдық ұйымы Қазақстан корейлері қауымдастығы болып қайта құрылды. Осы жылдары филиал Астана қаласындағы ең ірі және белсенді этномәдени бірлестіктер қатарында көрініп, талай рет грамоталармен, жүлделермен және басқа да наградалармен марапатталды. Орталық фестивальдер, спорттық жарыстар сияқты көптеген бірлескен іс-шараларды жиі өткізеді. 1997 жылы корейлердің Қазақстанда тұрғанына 60 жыл толуы атап өтілді.
Қоғамдағы өзгерістер мен Астананың қарқынды өсуі бірлестік жұмысының жаңа жолдары мен әдістерін іздеу қажеттілігін көрсетті. Өткізетін іс-шаралары жоғары деңгейге көтерілді. Жыл сайын Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында республикалық корей театрының, қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздарын шақыра отырып Жаңа жылды атап өту мүмкін болды. Қарттар үйі мен балалар үйіне материалдық көмек көрсетіледі. Ұрпақтар сабақтастығына көп көңіл бөлінеді, үш ұрпақтың кездесулері үнемі ұйымдастырылады. Онда ақсақалдар 2002 жылдың сәуірінен бастап құрылған және сәтті жұмыс істеп келе жатқан филиалдың Жастар қанатының өкілдерімен өмірлік тәжірибесімен бөліседі.
2011 жылы филиал Астана қаласы Корей этномәдени бірлестігі болып қайта тіркелді. 1993 жылы ашылған корей жексенбілік мектебінде мұғалімдердің арқасында үлкен тәжірибе мен қызықты әдіс жинақталды, ол тек корей ұлтының балалары мен ересектеріне ғана емес, мектептегі әртүрлі ұлттардың балаларына да ұнайды. Әр оқу жылының соңында ашық сабақтар өткізіліп, оған Астана қаласы әкімдігі мен білім басқармасының қызметкерлері қатысады.
1994 жылы құрылған «Миссон» корей би ансамблі 60 адамнан тұрады. Ансамбльге 2019 жылы «Халықтық» атағы берілді. 2000 жылы «Чен-Рю»вокалдық ансамблі құрылды, репертуарында 40-тан астам ән бар ұжымда 20 әйел ән айтады. Бұл ансамбльге де 2013 жылы «Халықтық» құрметті атағы берілді. Қазақстандағы корейлердің 70 жылдығына орай «Үміт пен бақыт жағалауы» кітабы жарық көрді, онда Астанадағы көптеген корейлердің тағдыры бейнеленген. Жыл сайын бірлестіктер арасында шахмат турнирлері өтеді. Турнирлер әрқашан бір кесе шаймен және ұзақ әңгімелер, естеліктер айтумен, сыйлықтар мен кәдесыйлар алмасумен аяқталады, бұл әрбір жанның жүрегінде жақсы әсер қалдырады.
– Қазақ жерінде тамыр жайған корей этносы қашан да мемлекет тарапынан үлкен қолдау көріп, өз тілі мен дәстүрін дамытуға зор мүмкіндіктер алып келеді. Елдегі түрлі этностардың ортақ мейрамы — 1 мамыр мерекесінде осы татулық пен достық, құрметіміз одан әрі арта берсін дегім келеді. Қазақстан – біздің туған Отанымыз, ата-бабаларымыз кезінде осында түрлі жағдаймен қоныс аударып, олардан тараған ұрпақтар бүгінде оны туған Отаны санайды. Өзге этностарды жатсынбай, жанына жақын тұтқан қазақ еліне мың алғыс, – дейді Астана корейлері этномәдени бірлестігінің төрағасы Евгений Цой.



