Ел тынысы
Елордада халықаралық кинологиялық көрме ашылды
Астана қаласында мемлекеттік органдар мен халықаралық кинологиялық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен халықаралық кинологиялық көрмесінің ашылуы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Көрменің салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен халықаралық кинологиялық федерациясының (FCI) президенті Тамаш Яккель сөз сөйледі.

Кездесу барысында «Nomad« клубының төрағасы Болат Құнанбаев қазақтың «Тазы» тұқымын дамыту және халықаралық деңгейде таныту бағытындағы қолдау үшін алғысын білдірді. Халықаралық ұйымдармен бірлескен жұмыс Қазақстанның осы бағыттағы ұстанымын нығайтуға және ұлттық мұраны кеңінен насихаттауға ықпал ететіні атап өтілді.



