Ел тынысы
Алматыда қаңғыбас иттер әйелге шабуыл жасады
Алматы қаласындағы бір үйдің ауласында әйелге қаңғыбас иттер шабуыл жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Barys Media Instagram парақшасына сілтеме жасай отырып.
Қаладағы «Аспан сити» тұрғын үй кешенінің жанында қаңғыбас иттер шабуыл жасап, әйел зардап шекті. Сол маңдағы тұрғындар бұл жерде қаңғыбас иттердің көбею мәселесі шұғыл шешімді қажет ететінін жеткізуде.
Тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдайдың жиілеуі оларды қатты алаңдатады, өйткені иттер аулаларда емін-еркін бос жүреді. Сондықтан олар өздерінің және балаларының қауіпсіздігі үшін қорқады. Енді олар қаңғыбас иттер мәселесі тезірек шешілуі керектігін айтып, дабыл қағуда.



