Мәслихат

Халық алдында есеп берді

AMANAT партиясы атынан Астана қаласы Сарайшық ауданы №4 бір мандатты округінен сайланған Астана қаласы мәслихатының депутаты Мадина Әжікенова үш жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша халық алдында кезекті есеп беру кездесуін өткізді. 

Елордадағы №102 жайлы мектепте өткен жиынға Сарайшық ауданы әкімінің орынбасары Мұхамедияр Нұрлыбекұлы, Көлік басқармасы басшысының орынбасары Тұрсынғали Жақсылықұлы қатысты. Сонымен қатар коммуналдық мекемелер, полиция, төтенше жағдай қызметінің өкілдері де жиынның ортасында болды.

-Өзімнің округіме қарасты тұрғындардың бәрін бір жерге жинай алмайсың, сондықтан бүгін келесі кезекті есеп беру кездесуіне осы жиын өткен мектепке жақын тұратын округ азаматтары келді. Тұрғындардың түрлі әлеуметтік, тұрмыстық сұрақтарына жауап бердік. Біразын кептеліс, аялдама салу және басқа да мәселелер алаңдатады. Осы бағытта қандай жұмыстар жоспарланғаны туралы менімен бірге қатысқан түрлі қызметтер басшылары ақпарат берді. Кейбір тұрғындардың сауалы Астана Бас жоспары туралы болғандықтан келесі кездесуді сол мекемеге барып ұйымдастырып, халықтың тілек, ұсынысын жеткізуді ойлап отырмыз, — дейді депутат.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button