
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы «Тұран-Астана» университетімен бірлесіп жаңа Конституция жобасы және Жалпыұлттық референдум жөнінде Jastar X диалог алаңында студент жастармен кездесу өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Кездесуге «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы, республикалық жастар ұйымының басшысы, «Тұран-Астана» университетінің ректоры мен проректоры, профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, сарапшылар және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында «Тұран-Астана» университетінің ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлжамал Жапарова, «Qazcontent» АҚ басқарма төрағасы Айна Задабек және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабының басшысы Нұрасыл Бекматов сөз сөйледі. Спикерлер жаңа Конституцияның жобасы туралы егжей-тегжейлі айтып, жалпыұлттық референдум азаматтардың, әсіресе жастардың құқықтық мәдениетін дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті.
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, диалог алаңының модераторы Гүлісхан Нахбаева орталықтың ғылыми-зерттеу қызметі және цифрлық ресурстар туралы ақпарат ұсынды, сондай-ақ Jastar AI виртуалды кеңесшісінің жобасын таныстырды.
Орталық директоры атап өткендей, жобаның негізгі мақсаты – жастарды қолдау бағдарламаларын қоса алғанда, мемлекеттік жастар саясаты туралы ақпараттың қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету. Чат-ботты қоса алғанда, жасанды интеллект базасындағы виртуалды консультант қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде консультациялар береді.
Кездесу соңында сарапшылар студенттердің қойған бірқатар сұрақтарына жауап бере отырып, конституциялық реформаны әрі қарай талқылаудың маңыздылығын, олардың ел дамуына ықпалы және бүгінгі жастармен өткен кездесудің көңілден шықанын жеткізді.
Іс-шара қорытындысы бойынша «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мен «Тұран-Астана» университеті ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.



