«Дәрігерлер мемлекет қорғауында: әлеуметтік мәселелер және медициналық персоналдың қауіпсіздігі»

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету аясында Сарыарқа ауданының прокуратурасы Астана қаласы әкімдігінің №5 қалалық емханасының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараның негізгі тақырыбы медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындау барысында олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері болды.

Кездесудің басты мақсаты – азаматтардың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен халық арасындағы ашық әрі сындарлы диалогты жолға қою.
Талқылау барысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде дәрігерлерге қатысты агрессия мен шабуылдар орын алған жағдайларда медицина қызметкерлерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл алгоритмдеріне ерекше назар аударылды. Медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін уақтылы әрекет ету және профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, қатысушылар салық және еңбек заңнамасы саласындағы өзекті мәселелерді қарастырды. Сарыарқа ауданының прокуратурасы алдағы уақытта да азаматтарды көшпелі қабылдау тәжірибесін жалғастырып, заңдылықты нығайтуға және мемлекеттік органдар мен халық арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қалыптастыруға ықпал ететін болады.



