Білім

Еліміздегі 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Дүниежүзілік балалар күніне орай мектеп оқушылары қауіпсіздік пен бала құқықтарының сақталуы жөнінде мазмұндама жазды. Оған бір мезгілде республика бойынша 1,5 млн бала қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл бастама «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Еліміздің барлық мектептерінде 7–11 сынып оқушылары үшін арнайы сынып сағаттары өткізіліп, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған біріңғай мазмұндама жазу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы, заңға бағынудың қоғамдағы рөлі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары түсіндірілді.

Республикалық акция жасөспірімдердің құқықтық білімін нығайтуға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button