Басты ақпаратЕлорда тынысы
Оқырманы көп қала

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 3912 көпшілікке арналған кітапхана жұмыс істейді. Бұл мекемелерде 10 мыңнан астам адам еңбек етеді. Еліміздегі кітапхана қорлары да ауқымды.
Жалпы жинақталған қор 110,3 миллион басылымға жетсе, оның 69,6 миллионы – кітап. Ал Астанадағы қазіргі 25 кітапхананың барлығы толық жаңғыртудан өтіп, заманауи талаптарға сай жұмыс істеп тұр. Бүгінде қалалық кітапханалардың тұрақты оқырмандары саны 100 мыңға жетті. Ендігі меже – олардың санын 100 мыңнан асыру. Оған толық мүмкіндік бар, себебі қала тұрғындарының саны да артып келе жатыр. Қалалық кітапханалардың кітап қоры да өсуде. Бүгінде ол 850 мыңнан асты.



