Білім

Оқушыларға арналған Kitap Fest зияткерлік-шығармашылық іс-шарасы өтті

Астанадағы №93 мектеп-лицейінде Ұлттық кітап күніне орай оқушыларға арналған «Kitap Fest» зияткерлік-шығармашылық алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шара балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын қолдауға және оқырмандық сауаттылықты дамытуға бағытталды.

Фестивальге елордалық мектептерде ең көп кітап оқыған оқушылар шақырылды.

Оларға ата-аналар мен мұғалімдер де қатысты.

Бағдарлама жас ерекшеліктеріне қарай бөлінді.

3-4-сынып оқушылары өздерінің сүйікті әдеби кейіпкерлерін сахналық көріністер, шағын қойылымдар және шығармашылық интерпретациялар арқылы таныстырды.

5-7-сынып оқушылары қазақ әдебиеті шығармалары бойынша «Кітап куизі» зияткерлік ойынына қатысты.

Сұрақтар Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа», С.Досжановтың «Ауылдан шыққан миллионер» және М. Әуезовтың «Көксерек» шығармалары негізінде құрастырылды.

8-11-сынып оқушылары REDx форматында «Бір кітап – бір әлем» тақырыбында сөз сөйледі. Олар оқыған бір кітапты таңдап, оның өз көзқарасына және жеке тәжірибесіне қалай әсер еткенін бөлісті.

Үздік қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Ата-аналар мен мектеп кітапханашыларына алғыс хаттар берілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button