Құқық

«Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 8-11-сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Астанадағы №108 жалпы білім беретін мектепте «Құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында 8-11-сынып оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

Оған Есіл ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Елігай Карбозова, Астана қаласы психологиялық қолдау орталығының әдіскері Күлзада Досқазиева, қалалық Білім басқармасының Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Гүлсім Хасенова қатысты.

«Қазіргі таңда еліміздің басты міндеттерінің бірі – құқықбұзушылықтың алдын алу. Бұл міндет тек құқық қорғау органдарының міндеті ғана мес, бұл барлығымыздың міндетіміз. Әр адам өзінің құқықтары мен міндеттерін білсе, өзгенің құқықтарын бұзбаса, өзгелерді құрметтесе, онда қоғамдағы тәртіп пен әділдік арта түседі. Қоғамда әсіресе жасөспірімдер арасындағы өзекті мәселелердің бірі – буллинг.

Буллинг – басқа тұлғаға қорқыныш тудыру, оны өзіне бағындыру, жүйелі түрде қорлау, қорқыту, сондай-ақ физикалық не психологиялық қысым көрсету. Бүгінде әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127/2-бабына сәйкес буллинг яғни жәбірлеу бойынша жауапкершілік көзделген. Бүгінде ең көп таралған буллинг – кибербуллинг. Сонымен қазір қоғамдағы өзекті мәселелердің тағы бірі – нашақорлық. Оны ұстау, тарату, басқаға беру бойынша қылмыстық кодексте жауапкершілік көзделген. Онда айпыпұлдан бастап бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған», — деді елордалық прокурор.

Бүгінгі кездесу мақсаты – «Заң және тәртіп» қағидаты аясында жасөспірімдер қылмысының алдын алу.

«Әрқайсыңыздың іс-әрекетіңіз өз болашағыңызға ғана емес, айналаңыздағы адамдарға да әсер етеді. Сондықтан біз заң аясында жүрудің, өз әрекеттеріңізге мұқият болудың, жауапкершілікті сезінудің маңыздылығы туралы айтқымыз келіп отыр. Көмекке жүгіну, егер сізді біреу ренжітсе, заңға қайшы әрекеттердің куәсі болсаңыз, құрбанды мәселемен жалғыз қалдырмаңыз, көмек алуға болатын қызметтер бар.

Ол – тегін. Бұл – 111 байланыс орталығы. Мектептерде ілінген QR-кодтар арқылы яғни психологиялық қолдау орталықтарынан көмек аласыз. Сондай-ақ мектеп психологтары мен ұстаздар да қолдау көрсете алады. Бастысы, ересектер әрдайым сіздерге көмектесуге дайын», — деді мектеп директоры Гүлназ Жарылқап.

Сонымен қоса, мұнда оқушыларға тақырыпқа қатысты бейнероликтер көрсетілді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button